jitsu gif
Спорт

    "Екі чемпион үлкен қажылықта": Елдос Сметов пен Хабиб Нурмагомедов қасиетті Меккеде кездесті

    Елдос Сметов пен Хабиба Нурмагомедов
    Елдос Сметов пен Хабиба Нурмагомедов. Видеодан кадр: instagram.com/olzhasapatanov

    Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен UFC-нің бұрынғы чемпионы әйгілі Хабиб Нурмагомедов қасиетті Меккеде кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атақты спортшылардың үлкен қажылықта кездескен сәтінен видео әлеуметтік желіде тарады.

    "Екі чемпион. 2025 жыл. Үлкен қажылық", - дейді олардың сөйлесіп тұрған сәтін видеоға түсіріп алған желі қолданушысы.

    Әңгіме барысында Елдос Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовпен таныс екенін, ол кісінің Алматыға оқу-жаттығу жиындарына келгенін айтады, өз кезегінде Хабиб Елдоспен танысқанына қуанышты екенін жеткізіп, сәттілік тілеген.

    "Бірінші бол" ақпараттық агенттігінің жазуынша, Абдулманап Нурмагомедов "Әке" атты автобиографиясында Хабибтің дзюдошы болғанын қалағанын айтқан. Бірақ ұлы аралас жекпе-жекті таңдаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.