57 секундта 14 темір тағаны бүктеген: қазақстандық алып күш иесі әлемдік үш рекорд орнатты (фото, видео)
Опубликовано:

Қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников Миланда әлемдік үш рекорд орнатты, деп хабарлайды Спорт комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Комитеттің мәліметінше, Сергей Цырульников Италия астанасы Миланда Guinness World Records өкілдері тіркеген әлемдік үш рекордты бірден жаңартқан.
Алып күш иесі 57 секундтың ішінде өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүктеп, бір минутта тоғыз резеңке жылытқышты үрлеу арқылы жарып, сондай-ақ бір минутта жалаң қолмен шойын табаға 19 шеге қаққан.
Бұл жетістіктердің барлығы Италияның Lo Show Dei Record телешоуы аясында Guinness Records кітабына ресми түрде тіркелген.

Сергей Цырульников жеңісін Қазақстан халқына арнайтынын айтты.
"Бұл тек физикалық күш емес. Бұл – ата-бабаларымыздан мирас болған рухтың күші, ұлттық ерік-жігеріміздің символы", - дейді Сергей Цырульников.