jitsu gif
Спорт

    Ақтаулық шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды

    Эдгар Мамедов
    Эдгар Мамедов. Фото: t.me/mangystau_news

    Ақтаулық шахматшы Эдгар Мамедов еліміздің ең жас халықаралық гроссмейстері атанды. Ол 14 жасында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Эдгардың үш гроссмейстерлік ұпайы мен ФИДЕ рейтингі 2492 болды, қажетті 2500 ұпайға жету үшін небәрі 8 ұпай жетпей қалды.

    Sharjah Masters International Chess Championship 2025 - A супертурнирінде Эдгар алғашқы екі турды сенімді түрде өткізіп, жетпейтін баллдарын жинап, ресми түрде гроссмейстер атанды", - делінген хабарламада.

    Эдгар Мамедов 14 жасында GM (халықаралық гроссмейстер) атағын алған Қазақстанның алғашқы шахматшысы.

    Сондай-ақ Маңғыстау облысының тарихындағы алғашқы гроссмейстер.

    Айта кетейік, шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при кезеңінің 3-турында Бибісара Асаубаева мен әлем чемпионы Александра Горячкина арасындағы ойын 5 жарым сағаттан астам уақытқа созылған еді.

    Жарыс Францияның Монако Князьдігінде өткен болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.