jitsu gif
Спорт

    Елдос Сметов алғаш рет алтын түсті жапсырмасы бар кимономен күресті (видео)

    Дзюдошы Елдос Сметов
    Дзюдошы Елдос Сметов. Фото: Buda Mendes/Getty Images

    Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы екенін білдіретін алтын түсті жапсырмасы бар кимоно киіп күресті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) кимоноға арналған алтын түсті жапсырма жіберген еді. Әлеуметтік желіде дзюдошы осы жапсырманы кимоносына тағып алып, бозкілемде белдесіп жүрген видеосы тарады.

    IJF ережесіне сәйкес, алтын түсті жапсырма тек Олимпиада чемпионы атанған дзюдошыларға беріледі. Енді Елдос Сметов алдағы жарыстарда осындай жазуы бар кимоно киіп сынға түседі.

    Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпиадасының финалында франциялық Лука Мхеидзені жеңіп, 60 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі. Сондай-ақ Сметовтің қоржынында 2016-жылғы Рио Олимпиадасының күмісі, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдесі бар.

    Еске салайық, Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған "Үздік" атты салтанатты шарада Елдос Сметов "Жыл спортшысы", ал бапкері Ғалымжан Жылгелдиев "Үздік жаттықтырушы" атағын иеленген еді.

    Елдос Сметов алғаш рет алтын түсті жапсырмасы бар кимономен күресті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.