jitsu gif
Спорт

    Нұрбақыт Теңізбаев та бар: Алматы спорт басқармасының басшысы қызметіне үміткерлер кім

    Нұрбақыт Теңізбаев
    Нұрбақыт Теңізбаев. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Алматы қалалық спорт басқармасының басшылығына үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия отырысы өтті. Үміткерлер қатарында грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев та бар, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Туризм және спорт министрі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Алматы қалалық cпорт басқармасының басшылығына ұсынылған үміткерлердің кандидатуралары қарастырылды.

    Комиссия отырысында Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Дархан Нұрханұлы, Алматы қаласы cпорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан Нұрланұлы және Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, Алматы облысы Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың кандидатуралары жан-жақты талқыланды.

    "Комиссия мүшелері әр кандидаттың спорт саласындағы тәжірибесін, өңір спортының даму перспективаларына қатысты көзқарасын және спорт менеджменті саласындағы біліктілігін бағалады. Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады", - делінген министрлік хабарламасында.

    Еске салайық, 2024 жылы лауазымды қызметке тағайындалған қазақстандық спортшылар тізімін жасаған едік.

    Нұрбақыт Теңізбаев та бар: Алматы спорт басқармасының басшысы қызметіне үміткерлер кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.