jitsu gif
Спорт

    UFC президенті 2024 жылдың ең жойқын жекпе-жектерін атады

    Дана Уайт
    Дана Уайт. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC президенті Дана Уайт 2024 жылдың ең жойқын жекпе-жектерін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC басшысының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дана Уайт Instagram желісіндегі ресми парақшасында 2024 жылдың үздік жекпе-жектерінен үзінді видеолар жариялады. Оның айтуынша, бұл тізімде өткен жылдың ең әсерлі жеңістері мен бірнеше чемпиондық жекпе-жектері бар.

    "Бұл – 2024 жылдың "Ең үздік жекпе-жек" аталымына үміткерлер. Сіз қалай ойлайсыз, қайсысы аталмыш марапатқа лайық?" - деп жазды Дана Уайт.

    Бұл тізімге келесідей жекпе-жектер кірді:

    • Илия Топурия – Александр Волкановский (UFC 298 турнирі, Илия Топурия 2-раундта нокаутпен жеңді);
    • Макс Холлоуэй – Джастин Гэтжи (UFC 300 турнирі, Макс Холлоуэй 5-раундта нокаутпен жеңді);
    • Алекс Перейра – Иржи Прохазка (UFC 303 турнирі, Алекс Перейра 2-раундта нокаутпен жеңді);
    • Хамзат Чимаев – Роберт Уиттакер (UFC 308 турнирі, Хамзат Чимаев 1-раундта ауырту әдісімен жеңді);
    • Илия Топурия – Макс Холлоуэй (UFC 308 турнирі, Илия Топурия 3-раундта нокаутпен жеңді).

    Еске салайық, 2024 жылы қазақстандық жауынгерлердің ішінін Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ тағы бір қазақ файтері Асу Алмабаев былтыр 3 кездесу өткізіп, үшеуінде де төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

    UFC президенті 2024 жылдың ең жойқын жекпе-жектерін атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.