Зайнутдинов пен Оразов жоқ: әлем чемпионатына іріктеу матчына қатысатын қазақстандық футболшылар тізімі белгілі болды
Опубликовано:

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев маусым айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Александр Заруцкий ("Қайрат"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");
Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – "Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – "Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай");
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков (екеуі де – "Тобыл"), Серікжан Мужиков ("Елімай"), Ғалымжан Кенжебек ("Кошице", Словакия), Дәурен Жұмат ("Оқжетпес»), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Георгий Жуков ("Пуща", Польша), Муроджон Халматов ("Ордабасы");
Шабуылшылар: Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Алияр Мұхамед ("Оқжетпес").
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында екі ойын өткізеді. Алдымен 5 маусымда Минскте Беларусьпен жолдастық матч өткізсе, ал 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды. «Астана Аренада» өтетін ойынға билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.