jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында ел қоржынына 10 алтын салды

    Азия чемпионатындағы қазақстандық спортшы
    Азия чемпионатындағы қазақстандық спортшы. Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

    Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өткен Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан ерлер құрамасы 10 алтын медаль алды, деп жазады Kazinform.

    Құрлықтық дода 10-24 мамыр аралығында өткізілді. Оған 19 елден 74 боксшы келді.Онда 13 салмақтың 12-де қазақстандық былғары қолғап шеберлері финалға дейін жетті. Оның ішінде 10-ы жеңіс тұғырына көтерілсе, 2-і күміс медальды қанағат тұтты. 

    Құрама сапынан Кенже Мұратұлы (54 келі) ғана бірінші жекпе-жекте есе жіберіп, жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

    Қазақстандық боксшылар арасынан Тілеуберді Сүлеймен (48 келі), Диас Берікбай (51 келі), Жасурбек Анорбаев (57 келі), Нұрислам Қалдыбаев (60 келі), Бақтияр Анарбаев (67 келі), Ағажан Қадыр (71 келі), Аман Қонысбеков (75 келі), Бақберген Әлиасқаров (80 келі), Ибрагим Бетаев (86 келі), Азатбек Жолдасхан (92 келі) чемпион атанды.

    Ал Сералы Жолмағанбет (63,5 келі) пен Ерсұлтан Сапар (92 келіден жоғары) күміс медаль иегерлері болды.

    Ерлер құрамасында Қазақстан жалпы есепте көш бастаса, одан кейінгі орындарды Қырғызстан — 9 (2 алтын, 4 күміс, 3 қола), Тәжікстан — 6 (1 алтын, 2 күміс, 3 қола) медальмен өзара бөлісті.

    Еліміздің 22 жасқа дейінгі ерлер құрамасы өз тарихында үшінші мәрте 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жүлдеге таласты. Алғаш рет 2023 жылы Таиландта отандастарымыз 3 алтын, 3 күміс, 5 қола алса, 2024 жылы Астанада 8 алтын, 5 күміс медальмен жарысты аяқтаған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.