jitsu gif

ЖОО-ға құжаттар қабылдау, шығармашылық емтихандар: министрлік талапкерлерге үндеу жасады

студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар қабылдау, білім беру гранттары конкурсына қатысу қашан басталатынын, сондай-ақ арнайы, шығармашылық емтихандардың өтетін уақытын жариялады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Құрметті талапкерлер, сіздердің назарларыңызға талапкерге арналған күнтізбені ұсынамыз! 2025-2026 оқу жылына қабылдану үшін маңызды күндерді өткізіп алмаңыз!" - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше:

  • Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;
  • ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;
  • "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
  • Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
  • Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
  • Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
  • Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Қосымша ақпаратты ЖОО-ның ресми парақшалары мен сайттарынан алуға болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.