jitsu gif
Саясат

    Тоқаев жаңадан тағайындалған қорғаныс министрін қабылдап, тапсырмалар берді

    Қорғаныс министрлігі
    Қорғаныс министрлігі. Көрнекі сурет: @modgovkz

    Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды "Ақорда".

    "Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатып, оның орнына бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған Дәурен Қосановты министр етіп тағайындаған болатын.

    Одан бөлек жексенбіде Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды. Мәселен, бұған дейін президенттен сөгіс алған Марат Қарабаев да қызметінен кетті. Ал "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болған Әсел Жанасованы президент кеңесшісі етіп тағайындады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.