jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Ақордада Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алды (фото)

    Тоқаев және Мелони
    Фото: Ақорда

    Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан президенті мен Италия премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

    Ақорда
    Фото: Ақорда

    Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

    Қарауыл ротасы
    Қарауыл ротасы. Фото: Ақорда

    Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді.

    "Сіздің бұл сапарыңыз – екіжақты ынтымақтастығымыздағы айтулы оқиға. Біз өзара байланысқа, достық пен сенімге құрылған қарым-қатынасқа айрықша мән береміз. Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және Еуропадағы ірі әріптесіміз. Бұл бекер емес. Екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауымыз қажет. Сіздің сапарыңыз қос ел арасындағы көпқырлы ықпалдастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз", - деді Қазақстан президенті.

    Джорджа Мелони және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Джорджа Мелони. Фото: Ақорда

    Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан президентіне алғыс айтты.

    "Еліңізге шақырып, қонақжайлық танытқаныңыз және Астана халықаралық форумында сөз сөйлеуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Бұл форум диалог үшін маңызды алаңдардың біріне айналып келеді. Біз Қазақстанды Италияның стратегиялық серіктесі, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастырамыз. Бізге диалог қажет. Мұны Өзіңіз де жақсы түсінесіз. Қазақстан – Италияның көптеген сала бойынша маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келеді. Әйтсе де, кеше айтқанымдай, энергетикадан бастап мәдениетке дейін, университеттердің тәжірибе алмасуы, халықтар арасын жақындату бағыттарында бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар", - деді Италия премьер-министрі.

    Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективасы талқыланды.

    Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді елорда әуежайынан қарсы алған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.