jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Руслан Жақсылықовты қорғаныс министрі лауазымынан босатты

    Руслан Жақсылықов
    Руслан Жақсылықов. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Бүгін, 8 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

    Айта кету керек, Жақсылықов 2022 жылғы 19 қаңтарда Қорғаныс министрі болып тағайындалған болатын. Сондай-ақ 2024 жылы бұл қызметке қайта тағайындалған.

    Руслан Жақсылықов 1966 жылы төртінші наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданында өмірге келген.

    Ол И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны, РФ ҚК Бас штаб әскери академиясының жоғары академиялық курсын (2004) бітірді.

    Руслан Жақсылықов бұған дейін Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болды. 

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.