jitsu gif
Қаржы

    ҚҚС 16 пайызға өссе, айлық неше пайызға көтеріледі: вице-министр жауап берді

    Ақша санап отырған адам
    Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қосылған құн салығы 16 пайызға өссе, әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған адамдардың еңбекақысы мен әлеуметтік төлемдерін индекстеуге 800 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин мәжіліс отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Kazinform.

    "ҚҚС 16 пайыз болса, қосымша 4-5 млрд теңге жинаймыз. Сол ақшаның есебінен шынымен мұқтаж адамдарға айлық пен зейнетақыны, жәрдемақыларды индекстейміз. Есептеп көрдік, шамамен 800 млрд теңге бөлеміз. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамында базалық инфляция 7-8 пайыз болып белгіленген.

    Оған қосымша 3 пайыз инфляция болады деп отырмыз. Сонда шамамен 11 пайыз көлемінде. Біз онсыз да жыл сайын инфляцияны индекстеп келеміз. Бұл жолы осы қосымша үш пайыз инфляцияны индекстейміз. Сонда айлық пен зейнетақыға, жәрдемақыларға 3 пайыз индекстеу болады", - деді Азамат Әмрин.

    Айта кетейік, бүгінгі мәжіліс отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Азамат Әмрин қосылған құн салығын талқылау аяқталғанын мәлім еткен еді.

    "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 жұмыс тобы бүкіл өңірлерді аралап, бизнеспен, кәсіпкерлермен кездесіп шықты. Сол кездесулерде айтылған ұсыныстарды қазір талдап жатырмыз. Бүгін-ертең ұсыныстарды парламентке енгіземіз", - деді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.