jitsu gif
Денсаулық

    Шымкентте 34 жастағы келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді (фото)

    Азиза Қалиева
    Азиза Қалиева. Фото: instagram.com/ akimat_shymkent

    Шымкентте 34 жастағы келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді. 1990 жылы туған Азиза Қалиева ұлын қалалық перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы босанған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Әкімдіктің Instagram-дағы мәліметінше, нәрестенің салмағы 4900 грамм. Қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы. Бұл отбасындағы оныншы перзент.

    Айта кетейік, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Мамандандырылған көмек түрлерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда ішкі ағзалар ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота өткізілген.

    Перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей туған 707 нәресте және 96 егіз бар.

    Шымкентте 34 жастағы келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.