jitsu gif
Денсаулық

    Ұшық не үшін шығады және оны болдырмаудың жолдары қандай

    Ұшық
    Ұшық шыққан ерін. Фото: BSIP/UIG Via Getty Images

    Ұшық – адам ағзасындағы герпес вирусының белсенділігі нәтижесінде пайда болатын тері мен шырышты қабаттағы көпіршік тәрізді бөртпе, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

    Ең жиі кездесетін түрі – ерін ұшығы (Herpes Simplex Virus type 1, немесе HSV-1). Вирус бір рет жұққан соң, ағзада өмір бойы сақталып, белгілі бір жағдайларда қайта өршуі мүмкін.

    Ұшықтың шығуына не себеп болады?

    • Иммунитеттің әлсіреуі

    Суық тию, шаршау, ұйқының бұзылуы, дұрыс тамақтанбау секілді факторлар иммундық жүйені әлсіретіп, вирустың оянуына жол ашады.

    • Стресс пен жүйкенің жұқаруы

    Күшті эмоциялық жүктеме де ағзаның қорғаныш қабілетін төмендетіп, ұшығыңыз қайта шығуы мүмкін.

    • Күнге шамадан тыс күю немесе тоңу

    Суық ұстау немесе күн сәулесінің тым ұзақ әсері – ұшықтың пайда болуына әсер ететін сыртқы факторлар.

    • Гормондағы өзгерістер

    Әйелдерде етеккір циклі кезінде немесе жүктілік кезінде де ұшық шығуы мүмкін.

    Алдын алу жолдары

    1. Иммунитетті күшейту: дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, толыққанды ұйқы.
    2. Гигиена сақтау: вирустың басқа адамдарға жұғуын болдырмау үшін жеке заттарды бөлек қолдану.
    3. Ерінге күтім жасау: суық күндері арнайы бальзамдар қолдану.
    4. Стрестен аулақ болу, сабырлы өмір салтын ұстану.

    Ұшық – денсаулыққа аса қауіпті болмаса да, ыңғайсыздық тудыратын вирус. Оның шығуы көбіне ағзаның әлсіреген сәтін пайдаланып, ұйқысынан оянған вирус барын аңдатады. Сондықтан иммунитетті нығайтып, салауатты өмір салтын ұстану – ұшықтың алдын алудың ең тиімді жолы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.