jitsu gif
Тағам

    Эткен чай: ұйғыр халқының ұлттық сусынын қалай жасайды

    Дайын болған эткен чай. Көрнекі сурет
    Дайын болған эткен чай. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Эткен чай - ұйғыр халқының ұлттық сусындарының бірі. Оны үй жағдайында оңай әрі тез әзірлеуге болады. Бүгінгі рецептте шөліңізді басатын эткен чай рецебімен бөлісетін боламыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Эткен чай - ұйғыр халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі сусыны, оны жасау үшін жасыл шай, сүт, тұз және май қолданылады.
    • Бұл сусынды дайындау процесі күрделі және уақытты қажет етеді, оның дәмі мен қоюлығы шебердің шеберлігіне байланысты.
    • Эткен чай тек сусын ғана емес, сонымен қатар ұйғыр мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады, ол қонақжайлылық пен достықтың символы ретінде қабылданады.

    Эткен чай - ұйғыр халқының көп жылдан бері келе жатқан ұлттық сусындарының бірі. Үй жағдайында қолда бар заттармен тез әрі оңай дайындалатын шайдың рецебімен бүгінгі материалда таныс боласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: ұйғыр

    Санаты: сусын

    Дайындалу уақыты: 5 минут

    Дайын болу уақыты: 10 минут

    Құрамы

    Қара шай - 2 кішкентай пакет

    Тұз - 0,5 шай қасық

    Сүт - қалауыңызша

    Сары май - 1 ас қасық

    Дайындалуы

    1. Суды қайнатып, қара шай саламыз

    Суда қайнап жатқан қара шай. Скриншот
    Суда қайнап жатқан қара шай. Скриншот: YouTube/Dilnoza_cooking

    Алдымен шұңғыл ыдысқа суды қайнатып, оған қалауыңызша қара шайды саламыз. Сосын жарты шай қасық тұз қосамыз. Тұз еріп, қара шай шыққанша, суды әбден қайнатып аламыз.

    2. Қою сүт қосамыз

    Cүт қосамыз. Скриншот
    Cүт қосамыз. Скриншот: YouTube/Dilnoza_cooking

    Қайнап жатқан шайға қалауыңызша қою сүт қосып, тағы қайнатамыз. Шайдың түсі қанық болуы үшін, оны қасықпен араластырып, ұзағынан қайнатып аламыз.

    3. Cары май қосамыз

    Сары май қосамыз. Скриншот
    Сары май қосамыз. Скриншот: YouTube/ Dilnoza_cooking

    Қайнап жатқан шайға бір ас қасық сары май қосамыз. Май әбден ерігенше қою қара шайды қайнатамыз. Дайын болған шайды кесеге құйып, тәттілермен бірге дастарханға ұсынамыз.

    Эткен чай: ұйғыр халқының ұлттық сусынын қалай жасайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.