jitsu gif
Тағам

    Пештегі орамжапырақ пен тауық еті: Анаргүл Құдайбергеновадан ерекше кешкі ас рецебі

    Пеште піскен орамжапырақ пен тауық еті. Скриншот
    Пеште піскен орамжапырақ пен тауық еті. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Отбасы мүшелеріне кешкі асқа қыз-келіншектер пеште пісірілетін орамжапырақ пен тауық етін әзірлеп бере алады. Үй жағдайында оңай әрі тез даярланатын тағамның рецебімен бүгін таныс бола аласыздар.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Анаргүл Құдайбергенова пеште пісірілетін тауық еті мен орамжапырақтың рецептін ұсынады.
    • Тағамның құрамында тауықтың төс еті, пияз, қызанақ, жұмыртқа, қаймақ, орамжапырақ және ірімшік бар.
    • Тағам 250 градуста 45 минут пісіріледі, соңында бетіне ірімшік себіліп, тағы 5-10 минут пісіріледі.

    Пеште пісірілетін тауық еті мен орамжапырақтың рецебімен танымал фудблогер Анаргүл Құдайбергенова таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан осы сынды көптеген тағамның рецебімен танысуға болады.

    Сипаттамасы

    Асхана: славян елдері

    Санаты: басты тағам

    Дайындалуы уақыты: 10 минут

    Дайын болу уақыты: 45 минут

    Құрамы

    Тауықтың төс еті - 1 кг

    Пияз - 1 дана

    Қызанақ - 2 дана

    Жұмыртқа - 1 дана

    Қаймақ - 2 ас қасық

    Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

    Орамжапырақ - жарты

    Сұйық май - 3-4 ас қасық

    Дәмдеуіштер - дәміне қарай

    Қатты ірімшік - 300 г

    Дайындалуы

    1. Тауықтың төс етін тураймыз

    Тауықтың төс еті. Скриншот
    Тауықтың төс еті. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Тауықтың төс етін жақсылап жуып аламыз. Сосын кесектеу етіп турап, шұңғыл ыдысқа саламыз.

    2. Пияз бен қызанақты қосамыз

    Пияз бен қызанақ қосамыз. Скриншот
    Пияз бен қызанақ қосамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Алдымен пияздың қабығын аршып, ұсақтап тураймыз. Сосын қызанақты ірілеу етіп тураймыз. Тауық етіне қосамыз.

    3. Жұмыртқа мен қаймақ қосамыз

    Жұмыртқа мен қаймақ қосамыз. Скриншот
    Жұмыртқа мен қаймақ қосамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Еске бір жұмыртқа мен екі ас қасықты толтыра қаймақ қосамыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш пен дәмдеуіштерді қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    4. Орамжапырақты турап, противеньге саламыз

    Орамжапырақты турап, противеньге қоямыз. Скриншот
    Орамжапырақты турап, противеньге қоямыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Орамжапырақтың жартысын видеодағыдай етіп, үлкен бөліктермен тураймыз. Сұйық майға дәмдеуіштерді қосып, орамжапырақтың бетіне жағамыз.

    4. Салмасын саламыз

    Салмасын саламыз. Скриншот
    Салмасын саламыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Орамжапырақтың бетіне салмасын саламыз. Алдын ала қызып тұрған пешке, 250 градуста 45 минут пісіреміз. Бетіне ірімшікті үккіштен өткізіп, бетіне себеміз. Пешке тағы да 5-10 минутқа қойып, суыған соң, дастарханға ұсынамыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.