jitsu gif
Оқыс оқиға

    АҚШ-та ұшақ тұрғын үйлерге құлады: қаза тапқандар бар, жарылыстан үйлер зақымданды

    Апат орны
    Ұшақ апаты болған жер. Скриншот: x.com/HexdlineNews

    АҚШ-тың Филадельфия қаласында бортында алты адамы бар медициналық ұшақ сауда орталығының маңында апатқа ұшырады. Жарылыстан үйлер мен көліктерге залал келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    АҚШ-тың жаңадан тағайындалған көлік министрі Шон Даффи X әлеуметтік желіcіндегі парақшасында Learjet 55 ұшағы Солтүстік-Шығыс Филадельфия әуежайынан көтерілгеннен кейін апатқа ұшырағанын хабарлады. Бортта алты адам болған.

    The New York Times мәліметіне сәйкес, ұшақ сауда орталығының маңында құлаған - ұшақ құлаған жерде алапат өрт шығып, көліктер мен үйлерді шарпыған.

    Ұшаққа иелік ететін Jet Rescue жедел жәрдем қызметі апат кезінде бортта төрт экипаж мүшесі, сондай-ақ бір бала мен оған жауапты бір адам болғанын мәлімдеді.

    "Тірі қалғандар туралы бізде ешқандай ақпарат жоқ, ал жалынның қарқынына, қирандылар мен апат түріне қарап, аман қалғандар барына күмәніміз бар", - деді басылымға Jet Rescue Air Ambulance жедел жәрдем қызметінің өкілі Шай Голд.

    Жаңалықтар арналары мен X әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан фотолар мен видеоларды жариялап жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.