jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы облысындағы зауытта болған жарылыс: зардап шеккен төрт адам да көз жұмды

    Жарылыс
    Жарылыс. Кадр: t.me/kriminal_kazakhstan

    "АзияАгроФуд" зауыты бірнеше күн бұрын болған жарылыс салдарынан зардап шеккен төрт қызметкердің де қаза тапқанын ресми түрде растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Компанияның ресми сайты Алматы облысында орналасқан "АзияАгроФуд" АҚ жем зауытында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен төрт қызметкердің қаза тапқанын ресми түрде растады.

    Акционерлік қоғам марқұмдардың отбасына көмектесетінін мәлімдеп, жерлеуге, қарыздарын өтеуге және заңда қарастырылған барлық төлемді беруге уәде берді.

    Бұған дейін БАҚ-та Алматы облысындағы ұн өндіретін зауытта жарылыс болып, зардап шеккен 49 жастағы қызметкер алған жарақаттардың салдарынан қайтыс болғаны хабарланған.

    Еске сала кетейік, оқыс оқиға 23 мамыр күні Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін шығаратын зауыт аумағында болды.

    Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық клиникалық көпсалалы орталық ауруханасына 23 мамыр күні 4 адам жеткізілгенін хабарлағанбыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.