jitsu gif
Оқыс оқиға

    Хостелдегі өрт: Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыға келеді

    Сырым Шәріпханов
    Сырым Шәріпханов. Фото: ТЖМ ресми сайты

    Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алғашқы рейспен төтенше жағдай болған Алматыға ұшып келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматыда хостелде шыққан өрт орнына қаланың төтенше жағдайлар департаменті бастығы Нұрлан Атығаев келді.

    Айта кетейік, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесіндегі жатақханадан өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

    Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2 адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеген еді.

    Қайғылы оқиға болған жерге Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев келді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.